Кәсіпкерлер жүкті жеткізу барысында қалай үнемдей алады

3 Қазан, 18:00 362

Қазақстандағы жүк тасымалы нарығына жүргізілген жаңа зерттеу шағын және орта бизнестің жүк тасуға өз көлігін пайдалануы мен сыртқы қызметтерді тарту шығындарының арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін көрсетті. Кәсіпкерлер inDrive.Грузовые сервисін қолданса, 50%-ға дейін үнемдей алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

inDrive.Грузовые сарапшылары inDrive қосымшасында жүк тасымалдауға арналған автокөлік табу сервисі, қазақстандық кәсіпкерлердің жүк тасымалына қанша жұмсайтынын талдады. Зерттеу барысында жүк тасуға өз көлігін пайдалану мен сыртқы тасымалдаушылардың, соның ішінде мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетудің құны салыстырылды:

Егер бизнестің өз көлігі бар болса, қала ішінде бір рет жүк жеткізу шамамен 9000-10000 теңге тұрады. Баға несиеге алынған автокөліктің құны, жанармай шығыны және айына 20-30 рейс құнын ескеріп, соған сай бекітіледі.

Ал егер жүк көлігін қосымшаны қолдану арқылы тапқан болса, көлемі тура сондай кузовта жеткізу құны 50%-ға дейін төмендеуі мүмкін (5000-6000 теңге). Егер жеткізілетін тауардың көлемі аз болса, бір рет жеткізу бағасы 2900 теңгеге дейін түсуі мүмкін.

inDrive.Грузовые сарапшылары мобильді қосымша арқылы жүк көлігін шақыру компанияға өз көлігінің бос тұрып қалуы, оны жөндеу, техникалық қызмет көрсету және басқа да шығын материалдарын үнемдеуге мүмкіндік беретінін еске салды. Тауарды қала ішінде де, Қазақстанның басқа қалаларына да жеткізуге болады. Сондай-ақ платформа кузовқа жартылай жүк толтыруды ұсынатын опцияны ұсынады, бұл бүкіл машинаны жалға алғаннан арзан болады. Сондықтан мұндай қызметтерді пайдалану немесе өз автопаркін ұстау таңдауы бизнестің нақты қажеттіліктеріне байланысты.

Сонымен қатар зерттеу Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы жүк жеткізу құнын анықтады. Алынған деректерге сәйкес, жүк жеткізу ең қымбатқа түсетін қала – Алматы: 6,5-тен 15,5 мың теңгеге дейін (кузов көлеміне байланысты). Одан кейін Астана (5,5-тен 13 мың теңге) және Шымкент (5-тен 12,5 мың) тұр.

Ал жүк жеткізу ең арзан қала – Семей (орта есеппен 4-тен 10 мың теңге), одан кейін Ақтөбе (4,5-тен 12 мың) және Өскемен (5-тен 11,5 мың теңге).

Қалааралық жүк жеткізу үшін ең тиімдісі – Шымкент, Қарағанды және Ақтау. Бұл қалалар арасындағы ішінара жүк жеткізу құны (яғни, көлемі шағын жүкті жіберіп, тек кузовтың бір бөлігіне ғана төлегенде) 12 мен 19 мың теңге аралығында болады, ол қаладан шығу нүктесіне байланысты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: