Кәріс биін билеген абайтанушы Омар Жәлел сынның астында қалды

1 Желтоқсан 2023, 18:32 2766

Белгілі ғалым, абайтанушы Омар Жәлел кезекті рет желіні шулатты. Оның кәрістің ұлттық киімін киіп, мың бұрала билегені жұрттың ашуына тиді

Соңғы кездері Омар Жәлелдің басы даудан арылмай келеді. Ол алғаш рет билеген кезін жұрт сынағанда "Құдаймен би арқылы байланысқа шығамын" деген болатын. Одан кейін жас жігіттерге ақыл айтып, жақсы әйел алмаған еркектер ешқашан байымайтынын мәлім еткен. Бұл жолы кәрістің биін билеп, елдің ызасын туғызды.

"Жын кіріп кеттіме", "Абайды, әйелді, танып болды енді биді танитын болар", "Қуды бұл да. Жақсы қазаша сабақ өткізіп жүруші еді", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

@jhonnygooo Ким О Мар🇰🇷 #омаржалел #ик #танец #рек #хочуврек ♬ оригинальный звук - текст песни🎶

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: