Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйі қаланың әлеуметтік қажеттіліктеріне пайдалануға беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының әкімдігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі болған зәулім үйді "Қайтарылған активтерді басқару компаниясына" беру туралы ресми түрде өтініш білдірді.
Аталған үй бастапқыда сауда-саттық арқылы сатылымға шығарылған болатын. Оның бастапқы бағасы 1,6 млрд теңге деп бағаланған. Алайда қазіргі уақытта үй сауда-саттықтан алынып, мемлекеттік қажетілікке пайдалануға берілу туралы шешім қабылданды.
Бұл активтерді басқаратын "Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" 2023 жылы құрылған болатын. Оның негізгі міндеті — сыбайлас жемқорлық және заңсыз жолмен алынған мүліктерді мемлекет меншігіне қайтарып, оларды тиімді басқарып, сатудан түскен қаражатты мемлекеттік бюджетке аудару.
Әкімдік мәліметінше, үй енді қаланың әлеуметтік мақсаттағы жобаларына — білім, денсаулық сақтау немесе қоғамдық қажеттіліктерге қолданылады.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары