Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасала ма?

14 Маусым, 12:48 589

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметуллина Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс Жоғарғы сотқа түспегенін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Назгүл Рахметуллина рақымшылық мәселесін сот шешпейтінін атап өтті.

Бүгінгі таңда Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс Жоғарғы сотқа түскен жоқ. Рақымшылықты Жоғарғы сот шешпейді, - деп жауап берді Рахметуллина Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистердің қойған сұрағына.

Еске сала кетейік, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап өтініш жолдаған болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: