Каратэші Мөлдір Жаңбырбай Азия Ойындарының финалына шықты

8 Қазан 2023, 09:45 810

Қытайда өтіп жатқан Азия Ойындарында каратэден 50 келі салмақтағы Мөлдір Жаңбырбай 3 қарсыласынан басым түсіп, финалға шықты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз финалға дейінгі кездесулерде үш қарсыласынан басым түсті. 

1/8 финалда ол ганконгтық спортшы, Азия чемпионы Йе Тинг Цанг 3:2 есебімен ұтты. Ал ширек финалда жапониялық 2 дүркін әлем чемпионы Михо Миахарадан 6:5 есебімен басым түсті. Жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Сара Бахманиарды 5:4 нәтижесімен қапы қалдырды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: