Шығыс жекпе-жегі олимпиада бағдарламасына бір рет қана енсе, сол сында да екі бірдей каратэшіміз жүлдегер атанған. Ал жақында Жапония жеріндегі Азия ойындарынан қос алтын бұйырса, соның біреуін Софья Берульцева жеңіп алып, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атағына қол жеткізді. Софьямен елімізде каратэге деген көзқарас, оның Олимпиада бағдарламасына қашан қосылатыны жайлы сөйлестік.