Каратэ: екі спортшымыз финалға шықты

5 Қазан 2023, 13:46 911

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэден Қазақстанның екі спортшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қыздардан 68 келіге дейін салмақта сынға түскен Лаура Әліқұл бірнеше қарсыласын қапы қалдырды. Ол ширек финалда 2 дүркін Азия чемпионы Вьетнам қызы Хуонг Зи Динхты 7:4 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда тағы бір Азияны ұтқан Сейко Георгжи Зефаниядан (Индонезия) 5:1 есебімен басым түсті. Сөйтіп, финалға жолдама алды.

Енді жерлесіміз финалда қытайлық спортшымен кездеседі.

Сонымен қатар Нұрқанат Әжіқанов та Азия ойындарының финалына жолдама алды.

75 келі салмақта сынға түсіп жатқан Нұрқанат жартылай финалда малайзиялық спортшыны 4:3 есебімен жеңді.

Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері оған дейін Махаммед Шекху Аламды (Непал) 5:0 есебімен ұтса, ширек финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановтан 3:1 есебімен айласын асырды.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Алмас Абылай
Бөлісу: