Қазақстаннан келген Suleimen Promotions промоутерлік компаниясының өкілдері белгілі маман, жаттықтырушы және екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварестің бапкері Эдди Рейносомен келісімшартқа «қол қойғанын» хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзінің Instagram-да Suleimen Promotions Рейносомен бірлескен фотосурет жариялап, былай деп жазды:
Ттаныс болыңыздар, біздің Suleimen Promotions командасының жаңа мүшесі Эдди Рейносо! Жақында қызықты жаңалықтар болады.
Оқи отырыңыз:
Айта кетейік, промоушен боксшылары Бек Нұрмағанбет, Абылайхан Жүсіпов, Евгений Павлов және Әбілхан Аманқұл қазіргі уақытта АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, бұған дейін олар «Канеломен» бір залда жаттығып жүрген.
Альварес бұған дейін шаршы алаңға мамыр айында шығып, 59-жеңісіне қол жеткізді.