«Канело» Лас-Вегаста Головкинмен өтетін үшінші айқастың маңызды екенін айтты

15 Қыркүйек 2022, 16:27 850

18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі өтеді.

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес осы демалыста Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкинмен үшінші айқастың маңызды екенін айтты, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біздің барлық жекпе-жегіміздің ішіндегі ең маңыздысы осы үшінші айқас деп ойлаймын. Головкин бұл айқасқа өзінің соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін деген оймен қарайды. Бұл оны барынша қауіптірек етіп тұр. Бірақ, мен де қауіптімін, рингте барымды саламын. Жалпы, барлық айқасыма осылай қараймын, бұл жолы да солай. Бұл жекпе-жек мен үшін өзіндік маңызға ие, сондықтан оған бұрынғыдан да артық күш жұмсаймын. Мен 100% дайынмын. Бірінші раундтан бастап мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамын», - деді «Канело» БАҚ-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, 18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі өтеді.
Қазақстанда Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші айқас Qazsport телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады.
Бөлісу: