"Канело" Головкинмен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

13 Қыркүйек 2022, 07:26 926

Сөз жоқ, ол мықты боксшы.

Осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді мойындамайтынын Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшымен үшінші кездесуінің қарсаңында оның шеберлігіне жоғары баға берді, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Дегенмен «Канело» 40 жастағы GGG-ден шеберлігінің басым екендігіне күмәмданбайтынын жеткізді.

«Сөз жоқ, ол мықты боксшы. Сонымен қатар ол қиын қарсылас, тегеурінді, айлакер жекпе-жек шебері. Ол өз заманындағы даңқты спортшылардың бірі. Меніңше, екеуміздің стиліміз алда болатын кездесуді ерекше ету үшін жаратылғандай. Мен осы спорт түрінен біраз биіктерді еңсерген мықты боксшымын. Менің спаррингтерім де көп болды. Қазір менің күш-қуатым толысып тұрған кез. Менің Головкиннен ерекшелігім де осы», – деп мәлімдеді Matchroom Boxing-те Альварес.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Қазақстанда 18 қыркүйек күні таңда) өтеді.

Бөлісу: