12.05.2023
14:06
1395
Канадалық хоккейші «Барыстан» кетті

Канадалық хоккейші «Барыстан» кетті

Астаналық «Барыс» клубы әлеуметтік желілерде канадалық қорғаушы Джесси Грэмнің кететінін мәлімдеді, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі.

Қорғаушы Джесси Грэм мансабын басқа командада жалғастырады. «Барыс» хоккейшіге біздің клубта өткізген уақыты үшін алғыс білдіреді және жаңа орында табыс тілейді! - делінген хабарламада.

Кеше Грэмнің ҚХЛ-ның «Сочи» клубымен екі жылдық келісімшартқа отырғаны белгілі болды.

Джесси «Барыс» құрамында тұрақты чемпионаттың 66 матчына қатысты.