«Мерейлі отбасы» байқауына қалай қатысуға болады?

22 Мамыр 2019, 14:27 3457

2013 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі «Мерейлі отбасы» конкурсының аудандық кезеңі бастау алды.

Конкурс ережесіне сәйкес алғашқы аудандық (қалалық) кезең ағымдағы жылдың 1 мамырында басталған. Оның жеңімпаздары облыстық кезеңдегі іріктеуден өтіп, ұлттық кезеңге жолдама алуы керек. Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру бағытталған. Оған қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар жанұялардың мүшелері жіберіледі.

Конкурсты ұйымдастыру ережесіне сәйкес, жергілікті әкімдіктер "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жеңімпаздарын анықтау бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда комиссия құрады. Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде бірге берілуі тиіс.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім

 Отағасының (әкесінің немесе анасының) деректері:

  1.Т.А.Ә.

  2.Жасы

  3.Білім Жынысы

  4.Жұмысы      

  5.Тұрғылықты мекені

  6. Отбасы құрамы туралы мәліметтер

  7. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан

  8. Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері

  9. Отбасының әрбір мүшесінің деректері:

 10. Т.А.Ә.

 11.Жасы

 12. Білімі

 13.Жұмысы

 14. Тұрғылықты жері (мекенжайы және тел.)

 15. Отбасы түрі (2-,3-,4-ұрпақ және т.с.с)

 16. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшелігі

 17. Ата-ананың қандай қасиеті тәрбиеге негіз болады

 18. Отбасында қандай отбасылық дәстүрлер сақталған

 19. Отбасылық қатынастар қандай қағидаттарға сүйенеді

 20. Ұстаздардың, педагогтардың, тәрбиешілердің ықпалы

 21. Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар

 22. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)

Қолы:

Күні:

Бөлісу: