Күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл

15 Қазан 2021, 11:58 16468

Биыл күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл толып отыр. Қастерлі күй өнерін хас шеберлігімен аспандата білген ерекше тұлға – Дина Нұрпейісова әлемі мен шығармашылығы ғасырдан ғасырға жетер сырлы сандық. Бүгін біз дәулескер күйші анамыз туралы «Дина күйші» атты жинаққа енген естелік деректерге сүйене отырып, толығырақ баяндағанды жөн көрдік.

Аталмыш жинақтың авторы Ғ. Әнес өз арнау сөзінде күйші анамыз туралы лебізін былайша баяндапты: «Елдігіміз бен ұлттығымыздың тал бесігі – ұлы Еділ мен ор Жайықтың қойнауында, сары шағыл Бекетай күмында жарық дүниеге күймен тербетіліп келген, 94 жасында барша қазақтың астанасы – Алматыда өзінің сүйікті «Әсемқоңыры» мен ұстазы Құрманғазының «Қайран шешем» күйін бебеулете тартып жатып, өмірден озған, бүкіл бір ғасырлық ғұмырын халқының ұлы өнері - күй өнеріне бағыштап, өзінің кісілік, азаматтық борышын жарқын әріптермен жазып кеткен аяулы жан туралы айтылар сөздің мәйегі ешқашан ортаймақ емес.


Дина шешей туралы сөз – қазақтың қара домбырасы мен қасиетті күй өнері туралы сөз Ұлы өнерпаз өзінің қос ғасыр шегінде туған «Бұлбұл», «Байжұма», «Қарақасқа ат» сынды балауса күйлерімен-ақ сиқыры мол сырлы дүниенің кұпиясын әуен тілімен жеткізе білсе, ғұмырының соңғы кезінде шығарған «Той бастар», «Домалатпай», «Науысқы» («Науан»), «Әсемқоңыр», «Жігер» сынды аса айшықты шығармаларымен туған халқының ғана емсс, өзге халықтарлың өнерсүйер қауымын сүйсіндіріп, талантымен тамсандырып кетті Қос ішектен төгілген нәзік иірімді сыршыл әуені әлі де талай ұрпақтың жан дүниесін жарқыратар азық болғандай Артында қалған мол рухани-мәдени мұрасы толқыннан толқынға қызмет етіп, өзі салған өнер мектебі тарих көшінде жакұттай жарқырап, нұрлы сәулесін төгетіні даусыз бір жұлдызды шоғырдың ішінде, бүгінде әуені әлемді шарлап кеткен Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев, Рүстем Омаров, Ығылман Әлжанов, Бақыт Қарабалина, Әзидолла Есқалиев, Рысбай Ғабдиев сынды дүлдүл сазгерлер шғығармашылығынап Дина шешей күй мектебінің айқын қолтаңбасы сезіледі.

Өнерде жұлдызы қандай биік болса, өмір-тіршілікте де заңғар – өз отбасы мен күллі адам баласына мейірлі шуағын төгіп тұратын алып Ана – бір деректерде он кұрсақ көтерген, кейбір естеліктерде төрт ұлы мен үш қызын мәпелеп өсірген – сұлу да, сырлы тағдыр иесі деседі.

Дәуір толғауы оны ұлы Нарында дүниеге әкелсе, өмір-өзен желкені жүзгізіп отырып Астрахан өлкесінен бір-ақ шығарды. Қазан төңкерісінен соң жаңа бағытқа бет алған қазақ халқының саяси-мәдени өміріндегі бетбұрыс кезеңі оны Ахаң – Ахмет Жұбанов сынды ақжүрек, білімпаз адамға жолықтырып, республика астанасы – Алматыда 76 жасында үлкен сахнаға шығартты. Дүйім ел өнеріне куә болды, санда шырайлы ұрпақтың шаттығына бөленді.

Заманында қазақтың Жамбыл, Мұхтар, Қаныш, Ахмет Жұбанов, Күләш, Ғарифолла, Манарбек, Жүсіпбек сынды марқасқалармен иық теңестіре тең отырып, солардың көбіне салиқалы ұстаз, тарлан тәлімгер бола білді.

Осы Дина шешеміз туралы тұңғыш көлемді жинақты құрастыру барысында күні кеше (1955 ж ) ортамыздан өткен тұлға туралы мәлімет-деректің толық еместігіне таңғаласыз Мәселен, бір автор оны «Нүрпейіс келіні» десе, бірі - «Нұрпейіс баласының аты» дейді. Бір деректер ұлы шешеміз 11 құрсақ көтерсе, кейбірі 5-6 баланың анасы дейді. Міне, осы мысалдар біздің әлі мәдени мұрамызға шын мәнінде көңіл бөлмей, селқос қарайтындығымызды, әлі де «Қолда барда алтынның қадірі болмай», өзіміздің асылымызды тәрк етіп, жұрттың жасығына көбірек ден қоятындығымызды көрсетеді».


Танымал ғалым, дарынды композитор, өнегелі ұстаз Ахмет Жұбанов бабамыз дәулескер күйші Дина анамыздың өмірі мен шығармашылығын зерттеген тұлға. Академик осы жинаққа енген «Дина Нұрпейісова атты» зерттеу еңбегінде әйгілі күйшінің балалық шағынан бастап, құдіретті күй өнеріне келген кезеңін, өмірі өнермен өрілген маңызды кезеңі мен отбасы туралы жазылған естелігін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Ахмет Жұбанов, академик:

«Бұл 1937 жылдың сентябрі елі. Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филармониясы жиналған адамға лық толы. Маман артистердің өнеріне үйреніп қалған 4ана халқы бұл сияқты халықтан шыққан өнерпаздардың концертін сағынып қалған-ды. Бұл жұрт ерекше кұмартатын бөтен концерт болды. Концерттің бірінші бөлімі өтті. Бірақ жұрттың ерекше күтіп отырған адамы әлі сахнаға шыққан жоқ. Міне, сахна қайта ашылды, концерттің екінші белімі басталды. Ойын бастаушы сахнаға шығып, келесі нөмірді жариялағанда қол шапалақтау залды басына көтерді. Сахнаға мыкты, ұзын бойлы, ер нұсқалас, басына үлкен жаулық тартқап әйел шықты.


Жасы жетпіс алтыға жеткен, ұлғайған адам болса да, әйелдің жүрісі ширак, бойы тіп-тік. Оң қолында ұзын сапты домбыра, үстінде кең, ұзын көйлек, иығына өңіріне зер төккен қызыл мақпал бешпет жамылыпты. Аяғында кебіс-мәсі. Сахнаға кенересіне төгілте түкті кілем төселген. Әйсл ыңғайсызданып, халыққа тәжім етті де кілемнің шетіне отырды. Шамасы, сахнаға шығу жәйін оған жаңада ғана түсіндірген болу керек. «Ескі жолдасымен әңгімелескендей» домбырашы әйел пернеге қарай басын ие, бірден домбырасының құлақ күйін келтіре бастады. Ойын бастаушы Құрманғазының «Қайран шешемі» орындалады деп жарияласымен, ол сахнадан кетіп үлгіргенше, домбырашы домбырасының ішегін қағып та жіберді.

Перне басылып, домбыраның үні шығысымен зал құлаққа ұрған танадай тына қалды. Домбырашы әйел домбыраны дыңғырлатып біраз отырды. Бұл ауыл адамдарының арасында күй тартқанда, жұрттың тынышталуына мұрсат бере, перне басып, домбыраны біраз қағып-қағып алатын әдеттен туған жағдай ел алдың тынышталғанын көрген әйел «Қайран шешем» күйін тарта жөнелді. Бүгінгі жиналған халық бұл күйдің тарихын естігендігінен бе, әлде Құрманғазының ізбасары, шәкірті ер жүрек айелдің бет бейнесінен осы күй арнап шығарылған. Алқаның образын көрді ме, жан-жүйеңді билеп кететін күйді жұрт ерекше зер сала тыңдады. Олар пернеде жорғалаған саусақтан көз айырмайды, күй толқынына ілесе әрлеп бара жатқандай, күй ырғағымен бірге тыныс алатын тәрізді. Күйде зынданда жатқан тұтқынның тарыққаны сонымен бірге жарқын болашаққа сенетін адамға тән өмір сүйгіштік бастама бар екені, ерекше жап толқынымен тартылып отыр.

Залды да осы сезім билеп әкетті. Әйел домбырашылықтың кереметін көрсете, перне басқан сол қолына көз салмай қарсы алдына қарай, тік отыр. Бұл эстрадалық әнші сияқты халықты өзіне тартуға әлектену смес, оның перне басысы, домбыраның ішегін саусақ сезіміне билетуі бұрын-соңды жұрт көрмеген домбырашылықтың керемет өнері еді. Ал оң қолы ше?


Әйел ішекті аспапты тарту әдісі жөнінде еш жерде жазылмаған, қолданылмаған, ішек қағудың алуан түрін көрсетіп отыр. Тіпті домбыраның үнін барынша күмбірлете шығаратын жерлерде де әйелдің саусағы домбыраның бет тақтайына тимейді. Оң қолының шапшандығы сонша, кей жерлерде қолдың буын қимылдары мүлде аңғарылмайды. Күйдің көтеріңкі, толқынды жерлеріне келгенде бет құбылысы мүлде өзгеріп, домбыраның сабын сәл көтеріп, ілгері ұмтыла, аузын аша, дайын шығарманы емес, дәл қазір ойдан шығарып тартып отырған сияқтанады.

Ол алғашқы күйді тартуды аяқтағанда көпке дейін дүрліге соғылған қол шапалақтау басылмады. Домбырашы халыққа разылық сезімін білдіре, кайта-кайта бас иеді. Домбырашы әйел өткен өмір түкпірінен күңірене шыққан Құрманғазының алып үнін, музыкалық сәлемін, күйімді жеткіз деген арманын Құрманғазының мұрагерлерінің алдына алғаш рет әкеліп отыр. Әйелдің өзі де жетпістің орта шенінен асқан кезде Октябрь таңына дейін қазақ халқы басынан өткізген, ғасырдай ұзақ, қара түнек көп жылдар бойы сақтап келе жатқан асылын халық алдына алғаш рет салып отыр. Ол күрескер, қайыспас адам, өзі сүйген мамандығын таңдап алу түгіл еркін өмір сүру тыйым салынған ауыл қызы, бүгін ол өзінің немересі Қоңыр сияқты, көзінде бақыт аты ойнаған мыңдаған қыздарды көріп отыр. Бұл сияқты бақытпен бетпе-бет кездескенде қалайша қуаныш құшағына енбесін. Бүгін ол өз өмірінде шығармашылығының адамдық өмірінің мерейіне алғаш рет қуанған болар.

Ол ойында баяндаушының айтқанын мүлде ұмытқан тәрізді. Лықып кеткен көз жасын шығармауға тырысып, домбыраны ұстаған күйі халыққа тәжім етс орнынан тұрды. Босаңдықты халыққа көрсетудің орынсыз екенін білетін әйел бойын биледі, көз жасын шығармады.

Ол осыдан кейін өзі шығарған «Бұлбұл» күйін, соңында Құрманғазының «Төремұратын» тартты. Әйел сахнадан бір жолата шығып кетуге ыңғайланды. Зал ұзақ қол шапалақтап тұрып алды. Сол жолы тындаушылар алғаш рет естіген «Ақжелең» күйін тартуға мәжбүр болды. Ол шығыс әйелдерінше қолын қусырып, бірнеше рет шығып сәлем етті. Оның бетінде шексіз бақыт күлкісі ойнады.

Бұл атақты домбырашы, халық композиторы, Құрманғазының сүйікті ізбасары Дина Нұрпейісова еді. Филармонияның жанындағы қазақ музыкасы кабинетінің шақыруы бойынша 1922 жылдан бері мекен еткен жері, алыс жатқан Каспий теңізінің жағасындағы Астрахан облысынан келген-ді. Мекенінен ұзап шығып, Қазақстанның астанасы Алматыны алғаш рет көргені осы болатын. Бұған дейін Алматының атын ғана естіген Дина өз өмірінде бірінші рет киіз үйге жиналатын азғана ауыл адамы алдында емес, жарқыраған үлкен залға жиналған көп адамның алдына шықты.

Дина 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы, казіргі Жаңақала ауданының Бекетайқұм деген жерінде туған. Динаның әкесі Кенже өзінің ауылдастары сияқты шаруа адамы болған. Кенже жас кезінде белсеніп күреске шығатын әлуетті адам екен. Оның аты бүкіл округке жайылған балуан көрінеді.


Дина да әкесі сияқты жас кезінде талай рет күреске түскен балуан әйел болыпты. Кенженің өте көп шұғылданатын құмары бәйгі атты баптап, жарату еді дейтін Дина. Қолына жақсы ат түссе, соны ерінбей-жалықпай жаратып, бәйгіге қосу үшін аулынан бәйгі болатын жерге айлап, апталап кетіп қалады екен. Ол кездерде жараған жақсы ат мінген жігітке, жұрттың, әсіресе қыздардың ерекше назары ауатын. Оның үстіне жігіт домбыра тартып, өлең айтатын болса, бүкіл аймаққа даңқы тарайтын-ды. Айта кететін бір жағдай, Кенже де жас кезінде домбыра тартқан екен. Бірақ бұл үрдіс өтті, домбырашының ізгі қасиеті қолына түспепті.

Динаның айтуы бойынша, Кенже «Айжанқыз» күйін автордың өзінен үйреніп, Динаға үйретіпті. Ұлғая келе Кенже домбыраны мүлде тастап, шаруашылығымен айналысып кетіпті. Динаның шешесі Жәниха мейірлі адам екен. Ол Кенженің күреске шығып, ат тартып, домбыра ойнауына қарсылық білдіріп, кесел жасамапты. Отбасының ың-шыңсыз тыныш болуына әдеттенген ұяң мінезді әйел кейін келе кішкене Динаның домбыра тартуына да қарсылық жасамайды. Шешесі Динаны ерекше жақсы көреді. Қызды салт бойынша шариғатқа бағындырып өсірудің орнына, қызынан басқа қыздардан өзгеше жалын жалт ететін болса, қуана түседі. Дина тоғыз жасқа келгенде әкесі тартатын ән, күйлерді түгел үйреніп алып, қатардағы домбырашы болады. Әкесі бұған шын ниетімен қуанып, сүйікті қызының музыкаға құмарлығын барынша қуаттай түседі.

Кенженің дос-жарандары Динаның домбырасын қызыға тыңдап, оның өнерпаздығы мен талантын ерекше мадақтайды. 1870 жылы Құрманғазы Кенженің ауылына келіп, он жасар керемет домбырашы қызы бар дегенді естиді де, Кенженің үйіне келеді.

Кішкене қыздың домбырасын тыңдап, халық өнерін дамытатын тағы бір адамның дүниеге келгеніне шексіз қуанады. Құрманғазы Кенжеден атақты домбырашылардың сайысы болатын жерлерге Динаны ертін жүруге рұқсат сұрайды. Өзінің айтуы бойынша, Дина тоғыз жыл бойы, яғни он сегізге толғанға дейін, Құрманғазымен жиі кездесіп, жиындарға Құрманғазыға еріп барып жүреді, көптеген атақты домбырашылармен кездеседі. «Бұл менің өмірімдегі ең бақытты, музыкалық уақиғаларға, куанышқа толы, санамда аса терең жарқын арна қалдырған кезеңім еді»- дейтін Дина.

Шынында да, бұл талантты домбырашы қызға өмірі мен музыканың нағыз мектебі болды. Өз аймағының тамаша адамдарымен кездесіп жүріп, Дина Құрманғазы және басқа да домбыра искусствосы өкілдерінің бастарынан өткізген зор қиындықтары жөнінде естиді. Оларды халықтың сыйлауы, жақсы көруі, тіпті де оңайлыққа түспеген. Қоғам өмірі жөніндегі көп мәселелерді көзі жетіп, түсінбесе де шебер қолындағы домбыра тыңдаушылардың құлақ құрышын ғана қандыратын аспап емес, сонымен бірге адам бақыты үшін күрестің каруы екені Динаның ойына мықтап ұялаған. Дина ағалары сияқты күреске бел байлағысы келеді, бірақ ата-анасы оған ырық бермей, оны сүйікті ісінен біраз ажыратады.

1880 жылы он тоғызға толған соң Динаны Беріштің Бесқасқа руының адамы Нұрпейістің баласы Нұралы дегенге береlі. Әрине, Дина ауыл кемпірлерінің айтқанына еріп, домбырамен қоштасатың мезет жетті деген қорытындыға келген жоқ, дегенмен өмірінің келелі шағы талантының гүлдене түсуіне мүмкіндік туғызбады. Бала-шағалы болып, соларды тәрбиелеумен айналысты. Бірақ Дина домбырасын Нұрпейіс аулына келген соң да тастамай, тарта береді, Салтты бұзды деп оған ешкім ашық қарсы шыға алмайды. Нұралы Динаны да, оның домбырасын да өте жақсы көреді. Өз еркімен қосылмаса да, Дина Нұралыны ерекше сыйлайды. Ерлі-зайыпты өмірін тату өткізеді. Келінді жуасытып, жүнше түтетін аса ауыр ауыл салтына бойұсынбаған Динаны күйсуімсн талайлардың-ақ өштестіргісі келеді. Ерлі-зайыпты екеуінің татулығы олардың кесел жасауына мүмкіндік бермейді. Оған елден бұрын тұрып, түндік ашып, ақсақалдың алдынан кесе өтпей, үлкендерді көргенде сызылып сәлем беру керек екенін ескерткенмен, саған еркек тартатын домбыраны ұстауға болмайды деп ешкім айта алмайды.

Осы күнде Дина атақты домбырашы Ұзақтың. Есжанның, Байжұманың, Баламайсанның күйлерімен, сондай-ақ түрікмен, қалмақ, қарағаштардың ішекті аспаптарда тартылатын әуендерімен танысады. Осы күнде Дина Салауатксрейгс жалынып, онан Дәулеткерейдің, Мүсірәлінің, Әліксйдің, Гүркештің күйлерін үйренеді.

1888 жылы Динаның аулына Құрманғазы келеді. Ол Динаға жаңа күйлерін үйретіп қана қоймайды. өзің де ҡүй шығар деп ақыл айтады.

Көпке дейін біздер, Динаның шығармашылығын зерттеумен шұғылданып жүргендер, оның өзі шығарған алғашқы күйі 1916 жылдың оқиғасына арналған «Пабор» күйі деп келдік. Салмақты Дина оған дейінгі кең көлемді қызметі жөнінде айтуды ыңғайсыз көріп, жүре берді. Сол шығармалары «Набор» сияқты ірі күй шығаруға дайындығының алды екені сөзсіз.

Алғаш рет өзі жеке шығарма шығарғанда Дина Бапастың, Дәулеткерейдін, Түркештің күйлеріне парафрозалар шығарады. Оны Дәулеткерей тартқанда Динаға әз шығармасы ерекше ұнайды. Құрманғазы мен Бапастың домбыра тарту мәнерін үйренген Дина кейін келе домбыра тартудың өзіндік мәнерін жасайды. Оның домбыра тартуы өзгеше болатын. Соның нәтижесінде Бапасқа еліктеп шығарған «Бұлбұл» күйі, Бапастың «Бұлбұл» күйінен мүлде өзгеше болыл шыққан. Оның мазмұны да, құрылысы да Бапастың күйінен өзгеше.

Ал екеуінің де тақырыбы, алдарына койған мақсаттары бір еді. Динаның күйінде бұлбұлдың сайрауы дәл берілген. Ал Динаның тартуында ғана бұл сайраудың бар екенін айта кетуіміз керек. Динаның «Бұлбұлында» құстың үні жай ғана көрсетіліп қоймайды, күйде сезімнің бостандығы, ой мен арман идеясы айқын берілген. Бұл күйде бұлбұлдың сайрауы қуаныш гимніне, бақытқа айналатын жерлері бар. Әрине, қай искусствоның, қай халықтың реалист суреткері болса да өз шығармасында табиғаттың образын бөліп тастай алмайды.

Салған жерден ойдан шығарып айтатын искусство үшін, әсіресе казак халқының искусствосы үшін, адамның ойы мен сезімін табиғат образы аркылы беру табиғи заңдылық. Халық күн сайынғы өмірінде табиғатпен кездесіп отырады. Өзін табиғаттан бөліп алу табиғатсыз өмір сүру деген халықтың ойына келеді. Мал баққан халықтың поэзиясы мен музыкасында шаруалардың образы адам образына айналдырылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде табиғаттың образы үлкен адам күйінің, сезімінің психологиялык егізі сияқтандырылып беріліп отырылады. Бұларда кейіпкерлердің әрекеті, қимылы көрсетілетін ортақ табиғатты суреттеу тіпті кездеспейді десе де болады. Ал музыкада табиғаттың, жан-жануардың, құстың образдары көбінесе адам мінез-құлқын, ойын, алған бағытын қорытындылау символы болып кетеді. Дәулеткерейдің бүркіті «Топан» бостандыққа ұмтылды, Құрманғазының «Қызыл қайыңы» қашқынды жасырып отырған қонақшыл халықтың ержүрек, кеңпейілділігін көрсетеді.

Осылай образды тұтастырудың айқын көрінісін Динаның «Бұлбұл» күйінен анық көреміз. Оның үстіне талантты домбырашының орындаушылық шеберлігі басым.

Түркешке еліктеп шығарған Динаның «Байжұма» күйінің де тартымдылығы белгілі. Түркештің асқан домбырашылығын Дина үнемі мадақтап, оның творчествосын жоғары бағалап отырған. Затаевич «Байжұма» деген сөзді «Май айтысы» деп аударыпты. Ал шынында, бұл Құрманғазыға дейін аты шыққан атақты домбырашының аты. Ол өзінің атымен аталатын күй қалдырған. Бұл күйдің түрлері өте көп. Түркеш Байжұмаға арнап күй шығарып, «Байжұма» деп атаған. Дина да өзінің ұстаздарына еліктел, Байжұма тақырыбына күй шығарады. Ал Динаның варианты үні жағынан да, ырғағы жағынан да, перне бөлу жағынан да «Байжұманың» басқа варианттарына ұқсайды. Бірақ Динаның домбыра тартушылық шеберлігінің, өзгешелігі арқасында оның «Байжұмасы» тіпті жаңа, өз өзгешеліктері бар, өз мазмұны бар, өз формасы бар басқаша күй болып шыққан. Динаның «Байжұмасы» динамикасы, экспрессиясы, күмбірінің үні жөнінен Түркештің Байжұмасына ұқсас болса да, Түркештің Байжұмасынан мүлде өзгеше. Ал Құрманғазы мен Наушаның «Байжұмаларының» орындау мәнері де, мазмұны да басқаша. Тіпті программасы өзгеше десек те болады. Бір сөзбен айтқанда, Динаның «Байжұмасы» жеке домбырашылардың жақсы көріп тартатын күйі. Өйткені оның орындаушылық техникасының дәрежесі жоғары.

Алғашында күшін сынап көрген Дина өзіне ұнайтын тақырыптарға күй шығарады. Сырт қараған адамға жас композитордың суреттемек болған тақырыбы біртүрлі көрінгенмен, оның өзін мықтап толықтырды. Біз жоғарыда Динаның әкесі Кtнженің жүйрік атты жақсы көретінін, оның қолынан талай бәйгі аты өткенін сөз еттік. Кенже сүйікті қызы Динаны ұзатқанда қызының басқа жасауларыпа коса, үш болысқа аты шыққан Қарақасқа деген ат береді. Кенже сияқты Нұралының атқа құмарлығы болмаса да атасының берген киітін құрметтеп, баптап-бағады. Ал Динаға Қарақасқа ат өзінің жас кезін, бойжеткен шағын секе түсіретін ескерткіші сияқты болады. Кенже Динаны Нұрпейістің үйіне ұзатқан соң, бірнеше жылдан кейін қайтыс болады. Динаға Қарақасқа ат та тұтқынға түскендей, өз ауылын сағынып тұрғандай болып көрінеді. Ат Динаға сүйікті әкесінің көзіндей көрінетін. Кенже қызының ерлердің ісін істегенін (домбырашы болғанын) қуаттаушы еді.

Бірде Қарақасқа ат ауырады да өліп қалады. Дина өзінің бақытты жастығының тілсіз куәсіндей Қарақасқа аттан айырылғанына қайғырып, оған арнап күй шығарады. Күйдің басынан аяғына дейін ерекше жақсы көргені жанжақты айқын суреттеледі. Бұл шығармадан шебер ҡомпозитор, кей жерлерде Қарақасқа аттың көсіле шапқанын көрсетсе де, лирикалық нәзік сезімге толы. Мұңсыз жастықтың өткен күндерін еске түсіре, домбырашы өз жанының аясын аша тартқан.

Өйткені еске түсірудің күшейе түсуіне Нұралының бірнеше айдан бері ауырып, төсек тартып жатуы да ерекше себеп болады. Ауыл ақсақалдары Нұралының жүдеулігін көріп, ақырының жақсылыққа соқпайтынын сездіре, түстерін суытады. Біраз уакыт өткеннен кейін Нұралы өледі. Дина қатты қайғырады, бірақ ақыл-есі бүтін шыдамды Дина басынан кешкен басқа қайғылары сияқты, бұл қайғыны да төзімділікпен өткізеді.

Күйеуі өлгеннен кейін де Динаның сауындық, көліктік біраз малы болады. Бұл кездерде музыкамен шұғылдану Дина өмірінен шешуші орын алмаса да, біржолата қол үзіп кетпейді.

Өмірінің осы ауыр кезінің өзінде де Дина күй шығаруға уақыт, мұрса табады. Өмірінің осы ең ауыр мезеттерінде Дина күйлері ақыл беріп, қолдап, демеу болған бастас абысынына арналады. Бұл күйді Дина «Кербез» деп атайды. Динаның абысыны шынында да сұлу, өткір. аттық адам болғандықтан туысқандар арасында беделді болады. Дина сияқты Ол да феодалдык ауылдың салт-санасынан жоғары адам екен, оның даусы күшті болмаса да, нәзік, құлаққа жағымды болыпты.

Жаздың кешкі майдақоңыр самалында, ауылдын у-шуы басылған кезде, абысыны Динаға келіп, оның тамаша тартатын домбырасын, ұлы ұстазы Құрманғазының өмір оқиғаларын, анасы Алқа жөніндегі әңгімелерін тыңдайды. Ал Кербез қазақ қыздарының малға сатылатыны, бақытсыздығы жөніндегі қайғылы әндерді ақырын сызылта айтады. Ол өлеңмен Динаға мұңын шағып, шерін тарқатады, ал соңында жастықтың, ғашықтықтың серпіле әндерін айтып, Динаның көңілін көтереді. Кербездің күйеуі ол келіншек болып атасының босағасын аттаған соң, бірнеше айдан кейін өледі. Жесір қалған Кербез екінші күйеуге шыққысы келмейді. Кербездің едәуір малы болады. Бірақ ол мал-дүниеге жанын салмай, күн көруге жетерлік мөлшерінде ғана шаруасына қарайды. Бастас досына арнаған Динаның күйі Кербезге деген махаббатқа, ризашылыққа, жан жадырататын сезімге толы. Домбыра тілімен бұл күй қазақ қыздарының кайғылы өмірін, казақ әйелдерінің ауыр жағдайын айтып береді. Дина бүл күйдің мазмұнын айта, балқып отырып тартатын. Кейбір домбырашыларша тартып отырып, мазмұнын айтпай, не күйдің алдында, ие соңынан күйдің жәйін әңгімелеп беретін.

Патша үкіметі «бұратана» деп есептейтін ұлт аймақтарының 18-ден 43-ке дейінгі азаматтарды тыл жұмысына алуды ұйғаруына байланысты 1916 жылдың уақиғалары Динаның санасында үлкен із қалдырады. Бұл күш жинаулы арнайы түрде «реквизиция» деп атайды, адамдарды мемлекет мақсатына бағындыруға карсы Қазақстанның көп жерлерінде көтеріліс бұрқ ете түседі. Дүниежүзілік соғыс кезінде күшейе түскен феодал-алпауыттардың қанауына халық қарсы шығады. Бұл мобилизация еңбекшілерге жергілікті байлардың патша үкіметінен кем түспейтін дұшпан екенін анық көрсетеді. Байлардың. молдалардың, болыстар мен старшиналардың, билердің балаларын тыл жұмысына жібермейді, Өз балаларының орнына жасы мең үй жағдайы бойынша мобилизацияга жатпайтын кедей, батырақтардың балаларын жібереді.

Көтерілісті Амангелді Иманов сияқты халықтың адал ұлдары басқарады. Қазақтың ақындары мен композиторлары халық қайғысы мен ызалы кегінен шеткері қала алмайды. Қазақ даласында бұрқ ете түскен үлкен уақиғаларды бейнелейтін көптеген шығарма жасайды.

Үкіметтің жазалаушы отрядтары жер-жерді тіміскелеп, көтерілісті басып, оны басқарушыларды жазалап, жыланша жалап жүрсе де қазақ даласында патшаны құлату дайындалып жатыр деген хабар тарайды. Бұл хабарды империалистік соғыстың майданына кеткен, революциялық қозғалысты жақтайтын мұғалімдер, студенттер, орыс жұмысшылары мен солдаттары ала келеді. 1916 жылдың жазы мен күзінде ауылдан-ауылға сүйінші сұраған хабар тарайды. Хабаршылар бүкіл далаға «патша құлапты, тыл жұмысына қазақтарды алатын заң күшін жоғалтыпты, жұрттың бәріне бірдей теңдік, бостандық болады» деп жар салады.

Динаның Жұрынбай деген баласы тыл жұмысына алынған болатын. Бұл кездерде домбыраны қалтқысыз білетін Дина 1916 жылдың уакиғасына арнап күй шығарады. Оны «Набор» деп атайды. Халыққа бұл күй «Он алтыншы жыл» деген атпен тараған. Басқа композиторлардың осы аттас күйлеріне қарағанда, Динаның «Он алтыншы жылының» негізі өмір сүйгіштікке құрылған. Мұнда мұңаю-жылау, еңсесі түсушілік жоқ. Бұл күйден көтеріліске шыққан жігіттердің аттарының дүрсілі, ақ патшаның құлағанын естіген халықтың қуаныш тасқыны естілгендей болады. Күй басынан аяғына дейін көтеріліске шыққан халықтың қайтпас бетін, екпінді күшін бейнелейді. Тек кейбір жерлерінде ғана, анда-санда дауыл алдындағы тыныштықты еске түсіргендей, ер жігіттің ойға шомуының әуені бар. Бұл күйде Дина өзінің халық күшіне, өз болашағына сенетіндігін айтып береді. «Он алтыншы жыл»-көтерілісшілердің жауынгерлік ұраны, жауға қарсы шауып бара жатқан атты жігіттердің әні.

1922 жылы жоқшылықтың ауыр қыспағы салдарынан Каспий жағасына жақындайды. Аштыққа ұшырайды. Жұт жылғы аштықтан қысылған Дина құмаршық жинап, балаларын аман сақтап қалады. Енлі ол қайтадан домбырасын қолына алып, ауыл-ауылды аралайды. Ол «Жігер» деген күй шығарады. Дананың «Жігері» Бапастың «Жігерімен» шалыса түсетін сияқты. Динаның «Жігері» Баластың «Жігеріндей» жасқаншақ, кібіртік емес, екпінді, қайраты тасып, төгіліп отырады. Бұл арада да Дина өзінің ұстазы Құрманғазы сияқты халық өміріне шешіле музыкамен араласады. Большевиктердің басшылығымен қазақ даласында болып жатқан жаңалықтардан қуат алған Дина «Жігерін» батырлық, батылдық уақиғаға құрады. Большевиктер дүниежүзілік, азамат соғыстары салған жараны емдеп, аштық пен ауруға, интервенцияға қарсы жан аямай күресс жүріп, ауылдарды советтендіру, әйелдердің еңсесін көтертпей келген шариғатқа қарсы күн сайын үлкен жұмыстар жүргізеді.

«Он алтыншы жылды» бізге алғаш рет хабарлаған Құрманғазының шәкірті домбырашы Қали Жантілеуов. Жантілеуовке дейін бұл күйдің өзін дұрыс білмейтінбіз. Бірақ Затаевич бұл күйді жеңіл жанрға, жігіт пен әйелдің әзіліне құрылған деп түсіндіреді. Дәулеткерейдің ізбасарларының бірінен бұл күйдің біз тағы бір түрін естідік. Ол Динаның музыкалық салтынан мүлде басқа, тіпті өзгеріп кеткен түрі.

Қали Жантілеуов Динаның тірі екенін, оның Астрахан облысында тұратынын, Құрманғазының атақты ізбасары екенін айтты. Республикамыздың Халық ағарту комиссариаты ұйымдастырған Бірінші бүкілқазақстандык халық искусствосы қайраткерлерінің слетіне Динаның шақырылмау себебі, оның Қазақстан территориясында тұрмағандығы ғана еді.

1937 жылдың көктемінде Гурьев облысы, Теңіз ауданынан Алматыға домбырашы, мұғалім, ақын және әуенші композитор Сымағұл Көшекбаев келіп, КазЦИК атындағы оркестрге кірді. Сонымен қатар ол филармонияның қарауына берілген қазақ музыкасы кабинетінің қызметкері болды. Көшекбаев та Динаны біледі екен, кабинеттің тапсыруы бойынша Динаны Алматыға шақырып келуге кетті. 1937 жылдың күзінде Дина көркемөнерпаздың екінші слетіне қатысушы ретінде Алматыға келеді, ол үлкен табысқа ие болады.

Динаның Алматыда көргені түсіне де енген жағдай емес. Ол ақыл-білім алып жатқан жастарды көрді. «Бұлар бақытты жастар, өз өмірінде көрген, білгендерін қағазға жазып қалдыра алады. Ал біз болсақ, ортаға салатынымыз көрген-білгендеріміздің бір шамалысы ғана қағазға түскендей, есте бәрі сақтала бере ме», - деді сонда Дина. Күздің қытымыр самалында желге қарсы жүгіріп, шат көңілді, алаңсыз оқып жүрген қазақтың қыздарын көріп, Динаның көңілі босады. Ол өзінің немересі Қоңырын есіне алып, советтік отанымыздың бақытты балаларына арналған «Әсемқоңыр» күйін шығарды.

«Әсемқоңыр» жарқын, көңілді шығарма, мұнан балалардың балғын күлкісі, шаттық шуы анық естіледі. Дина домбыра үнінің шамасы жеткенше бақытты балалардың образын дал жасап, домбыраны балаларша «сөйлетуге» олардың мұңсыз шар құрған дауыстарын корсетуге тырысқан. Бірақ «Әсемқоңыр» бейнелеу ғана күй емес, мұнда домбыра тілімен күн нұрындай жарқын, куанышты, бақытты совет балаларының өмірі суреттелген. Дина өзінің «ескі досы» домбыраны өткен, қара күндер жөнінде сөйлетуге мәжбүр болған кездерінің өзінде, халық бақытының образын жасауды арман етті. Дина домбыра үнінен жас төгілетін кезең аяқталып, онын адам қуанышына толы үні шығатын кезді армандады. Ата-бабамыз арман еткен жер бетінде «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» алтын заман Динаның да арманы еді.

Жаңа қоғам құрылысының табыстарының бәрі ескіліктің улы қалдығына қарсы күресте қол жеткен табыс скенін, өз халқын өмірдің толық құқылы қожасы еткен экономика мен мәдениет саласында таңғаларлық табыстарға жеткізген өзінің ұлы партиясына совет халқы борышты екенін Дина жақсы біледі. Ол Құрманғазының да, Дәулеткерейдің де, өзінің де даңқы шыққаны совет адамдарының талмай үлкен қамқорлық жасағандығының арқасында екенін, Октябрь революциясы, коммунистердің ұлы партиясы болмаса, өз өмірінің ақырына дейін ешқандай правосыз қалпында, өз ауылында қала беретінін жақсы білетін. Сондықтан Дина партиямызға арнап «Партия туралы күй» шығарды. Бұл күйде партияның арқасында асыл арманына жеткен адамның ең ыстық, мүлде қалтқысыз сезімі берілген. Күйдің басы қазақ күйлеріне тән кіріспе, сонымеп қатар бұл ырғағының анықтығы, ойының тұтастығы, өз күшіне сенгендігі сезімін көрсете білу арқылы, басқа кіріспелерден өзгеше көзге түседі. Ал күйдің түгел нұсқасында асқақтаған қуат, алып күшті көрсететін кезеңдері, сонда халықтың партияға деген сүйіспеншілігін көрсетстін нәзік лирикалық жерлері бар. Дина бұл шығармасында халық сезімін айқын бере білген. Бұл күй жұртқа тез тарап кетті, қазір бұл бар жерлерде де тартылып жүр.

Жасының ұлғайғанына қарамастан, ол тек творчестволық істермен ғана шұғылданып қойған жоқ. Сонымен қатар республикамыздың музыкалық-қоғамдық істеріне де белсене қатысты.

1939 жылы Динаның өмірінде тағы бір үлкен уақиға болды. Ол халық аспаптарын тартатын шеберлердің Бүкілодақтық бірінші конкурсына қатысу үшін Москваға барды. Егер оның өткен өмірін еске алсақ, былай қарағанда әншейін сияқты бұл сапар Дина үшін керемет еді. Оның өмірінің көбі караңғылықта өтті. Ол көшпелі халықтың ескі искусствосының өкілі ретінде электр шамы жарқыраған Колонна залының сахнасына шықты. Оның есінде ескі өмірде правосыз, өрісі ошақтың басы ғана болған қазақ әйелдерінің бұрынғы салты сақталып келді. Өмір бойы керуеннің сүрлеу жолы мен ауыл арасындағы жалғыз аяқ жолдан басқа жол, аттан басқа асыл көлік көрмеген әйел қазіргі заманның жүйрік поезына мінді, Москвада оны құрметті конақ, жақын туысқанындай қошеметпен қарсы алды.

– Сол күні «тарихи жолға» шығуға ерекше ынтамен, асқан салтанатпен дайындалдым, - дейтін Дина. Совет жерұйығына барам деген оның ойына түскен жоқ еді. Жолға шығарда балаларына бауырсақ пісіртті де, арнап ешкі сойып, домбырасына ішек иіріп алды. Оған жұрт Москвада домбыраға тағатын кэтгут (ішек) бар, әлек болмаңыз десе де, ол ешкінің ішегінен дауысты ішек жоқ деп болмады. Ол өз айтқанын істетті. Домбыраның жап-жаңа қабын қайта боятты. «Сорлы домбыра әдемі ағаш киім киюді көп жылдар бойы күтті ғой, домбыраны Москваға сәнімен апарайық» - дейтін Дина күліп. Динаны Москваға шығарып салу үлкен тойға айналды. Қой сойып, көптеген қонақ шақырды. «Көктен тілегенім, жерден табылды» дегендей, мен Москваға күнде бара бермеймін. Мұның өзін жөндеп өткізейік», - деді сонда Дина шығарып салушыларға».

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: