Кәсіпкерлер ассоциациясы аймақтық бизнесті дамытуға үлес қосады

14 Қараша 2019, 12:09 3965

Атырау қаласында Достық үйінде облыстық ассамблеяның кәсіпкерлер ассоциациясының отырысы өтті.

Жиналысқа қатысушыларды ассоциация төрағасы В.Розметов қауымдастықтың жұмыс жоспарымен таныстырып, түйіні тарқатылуы тиіс мәселелерді көп талқысына ұсынды. Ассоциация құрамында бизнес және халыққа қызмет көрсету саласында қызмет ететін этномәдени бірлестіктердің басшылары қызмет атқарады.   

Кәсіпкерлер ассоциациясы жұмыс барысында аймақтың бизнес өкілдеріне кәсіпкерлік жобаларды әзірлеуге жәрдемдесуді, сырттан инвестиция тартуды, конкурстарға қатысу үшін этномәдени бірлестіктердің кәсіпкерлеріне әдістемелік көмек көрсетуді, мемлекеттік-жеке серіктестікке қатысты семинарлар ұйымдастыруды көздейді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.

Бөлісу: