Көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен балалар арасында ашық чемпионат басталды

8 Қыркүйек 2022, 16:59 970

Жарыс 9 қыркүйекте аяқталады

Көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен балалар арасында Нұр-Сұлтан қаласының ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс жыл сайын күзде елордада қалалық спорт басқармасы және көркем гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.
Жарысқа 215 спортшы қатысып жатыр. Ашық чемпионатқа өзге қалалардан келген спортшылардың да қатысуына мүмкіндік беріледі. Биыл Қарағанды және Жамбыл облыстарынан жас гимнасшылар келді. Турнирде 2016-2011 жылы туған қыздар бақ сынауда.

Бірінші күннің нәтижесі бойынша жеке бағдарламада 1-орынды «Изумруд» мектебінің спортшысы София Герцен жеңіп алды. Екінші орынға Томирис Айбекова жайғасса, үшінші орын Сара Аушахмановаға бұйырды.

Топтық сайыста бірінші орынды Тараздың қыздары жеңіп алса, екінші орынға «Жемчужина» мектебінің спортшылары ие болды.
Жарыс 9 қыркүйекте аяқталады. Үш күн ішінде кіл мықтылар анықталады.

Бөлісу: