Көптеген елдерде инфлияция рекордтық деңгейде - Әлихан Смайлов

14 Шілде 2022, 11:00 3237

Қазақстанда инфляция деңгейі жылдық көріністе 14,5 процентті құрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды El.kz 

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайлов Үкіметтің кеңейтілген отырысында биылғы жылдың әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары туралы айтты. Әлемдегі геосаяси шиеленіс халықаралық өндірістік және көліктік және логистикалық деректердегі алшақтықты күшейтуде. Энергия ресурстары мен азық-түлік тауарларында бағаның жаппай өсуі байқалады. Көптеген елдерде инфлияция рекордтық деңгейде. Мысалы АҚШта және Еуроодақта бұл шамамен 9 пайызды құрады. Халықаралық валюта қорының 2022 жылғы әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсу бойынша болжамы 3,6 пайызға дейін төмендетіліп, қайта қаралды. Қолайсыз сыртқы экономикалық жағдайға қарамастан біз елдің экономикалық көрсеткіштерін оң серпініне ие болып отырмыз, деді Премьер-министр Әлихан Смайлов.

Әлихан Смайловтың айтуынша, инфляция деңгейі жылдық көріністе 14,5 процентті құрады. Оған себеп әлемдегі жоғары геосаяси жағдай, көрші елдердегі кейбір тауарды импорттауға тыйым салу болды. Инфляцияны төмендету үшін үкімет Ұлттық банк пен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шаралар кешенін іске асырылып жатыр. 

Биыл қаңтар маусымда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,4 пайызды, тауар өндіріс 4,1 процент, қызмет көрсету саласы 2,1 процентке өсті. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда және көлік салаларында өсімнің жоғары қарқыны байқалды. Сыртқы сауда тауар айналымы 41 пайызға өсіп, 51 миллиард долларды құрады. Экспорт 59 процентке өсті. Ұн сауда бағасы 2,6 есеге артып, 17,6 млрд долларды құрады, деді Әлихан Смайлов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бақытнұр Бейсенбай
Бөлісу: