Күн мен түн теңелген күнге арналған ауа райы болжамы

22 Қыркүйек 2022, 08:05 1997

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Қазгидромет 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Еліміз аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығыс бөлігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қыркүйекте күн мен түн теңеліп, 22 желтоқсанға дейін түн ұзарады. 22 желтоқсанда түн тоқырап, қайтадан күн ұзара бастайды. 22 наурызда күн мен түн тағы да теңеледі.

EL.KZ
Бөлісу: