Көмір тиелген ресейлік вагондарды кешіктіруі туралы ақпарат жалған

20 Маусым 2022, 12:54 1118

Қазақстанның көмір тиелген ресейлік вагондарды кешіктіруі туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды. ТМД медиа-кеңістігінде Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттап тастаған деген жалған ақпарат таралуда, – деп хабарлайды El.kz.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті ресми түрде бұл хабарламалар шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді. Ақпарат жалған болып табылады.

Шын мәнінде, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ. РТЖ жолдарында да Қазақстанға бағытталған және Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген.

Бөлісу: