Көкжайлау шатқалындағы өрт сағат 13:03-те оқшауланып, сағат 13:28-де толық өшірілді, деп хабарлайды El.kz.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілерді 1720 метр биікте болған өрт орнына ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жеткізді.
«Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 56 адам, 13 техника, «Қазавиақұтқару» тікұшағы, «Қазавиаорманқорғау» АҚ 6 маманы, 55 мемлекеттік инспектор, «Іле-Алатау» ұлттық паркінің қызметтік ат патрулі жұмылдырылды»,- деп хабарлады қалалық ТЖД-дан.
Сондай-ақ департамент өкілдері өрт сөндіруде жергілікті қолдың жетімсіздігі, биіктік айырмашылығы қиындық туғызғанын хабарлады.