Көктайғақ, тұман: 8 өңірде ескерту жарияланды

29 Қыркүйек 2022, 20:52 3183

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйекте ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйекте ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, өңірдің батысында, орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады. Күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с күшейеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні 25 м/с артады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Бөлісу: