Көкшетауда 20 млн теңгенің контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді

24 Маусым 2022, 13:59 991

Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі хабарлады

Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді.

– "Газель" маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әмір" әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараты бойынша 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгені құрайды. ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді, – ҚР Қаржылық маниторинг агенттігі.

Бөлісу: