Көкшетаудағы Аналар күні

1 Маусым 2018, 01:51 1818

27 мамырда Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарайында Аналар күніне және оқу жылының аяқталуына байланысты мерекелік іс-шара атап өтілді.

Өткізілген іс-шара Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысы поляктар қауымы»және Көкшетау қаласындағы поляк тілін оқыту орталығының ұйымдастыруымен өтті.Мерекелік іс-шараға Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары, этномәдени орталықтардың басшылары,оқушы жастар, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Ақмола облысы поляктар қауымы төрағасының орынбасары Суховецкая Людмила  барша аналарды және оқушыларды шын жүрегімен құттықтап,алдағы демалысты жақсы өткізуге тілек білдірді.

Оқушылар және өнер ұжымдары мерекелік бағдарламаға атсалысып,өз өнерлерін көрсетті.Әсіресе «Арман поезді» қойылымы ерекше көңіл-күй сыйлады. Кеш  салтанатты мараппаттау рәсімімен және  жақсы көңіл-күймен  аяқталды.

Бөлісу: