Көкшетауда орыс және казак әндерінің қайырымдылық фестивалі өтті

3 Қазан 2019, 14:30 2417

Көкшетаудың мәдениет сарайында «Күшіміз – бірлікте!» атты IV республикалық орыс және казак әндерінің қайырымдылық фестивалі өтті.

Мерекенің қонақтарын епископ Ақмола және Көкшетау Серапионы және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева құттықтады.


Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестиваль нағыз халық әуенінің шашуына айналды. Көкшетау қаласының «Орыс әні» халықтық ансамблі мен «Молодушки» вокал тобы, Петропавлдың «Звонница-Наследие» вокалдық хореографиялық үлгілі ансамблі, Қостанайдың «Казачья Воля» орыс казак және славян вокал ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласының «Богатица» орыс және казак әнінің ансамблі мен «Казачья Слобода» ансамблі өз өнерін ортаға жайып салды.

Көрермендер құлаққа таныс әндерді шырқаған әртістердің өнерін ыстық ықыласпен қабылдады.


Қайырымдылық концерттен жиналған қаржы Көкшетау қаласындағы православ кафедра Соборының құрылысына жұмсалады.

Бөлісу: