Көкшетауда қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұлға қошемет көрсетілді

15 Қаңтар 2020, 17:34 2330

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Көкшетау жұртшылығы Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, журналист, аудармашы Ғосман Төлеғұлмен кездесті. Биыл ол 70 жасқа толады.


Қоғам қайраткерін мерейтойымен облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Тохаева, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Б. Сәрсенбаев, жазушы, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы В. Терещук, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Г. Яндиев, облыстық мәслихаттың депутаты Г. Осиненко және т. б. құттықтады.

Сөз сөйлеушілер Ғ. Төлеғұлдың Қазақстан халқы ассамблеясының, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқы тілдерінің дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.


Мерейтой иесі әдебиет, негізінен аударма қызметімен белсенді айналысады. Оның жарияланымдары мен зерттеулерінің негізгі тақырыптары – халық және туған өлке тарихы, саясаттану және түркология, әдебиеттану, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық мәселелері. Оның қазақ тілінен орыс тіліне аударған 45 кітабы, орыс тілінен қазақ тіліне тәржімалаған 23 кітабы жарық көрді.

Қоғамдық қайраткер ретінде өзін ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы ретінде көрсете білді.


Бөлісу: