Көкшетауда ҚХА-ның XXII сессиясы өтті

3 Желтоқсан 2019, 16:17 1996

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі, аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаевтың жетекшілігімен «Бірлік пен келісім – қоғамның әлеуметтік жаңғыруының негізі» атты күн тәртібіндегі Ассамблеяның XXII сессиясы өтті.


Сессия барысында облыстық Ассамблея құрамы жаңартылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Бари» армян мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Н. Магламян этномәдени бірлестіктер қатарынан облыстық ассамблея төрағасының орынбасары болып сайланды.


Сонымен қатар сессия аясында ҚХА мүшесі, «Русская песня» халықтық ансамбьлінің жетекшісі З. Авилова, Целиноград ауданы Аналар кеңесінің төрайымы З. Какабаева, Сандықтау ауданы, Бірлік ауылдық округінің әкімі А. Ибаев, Атбасар аудандық Мәдениет үйінің педагог-хореографы В. Манукян, Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ студенті А. Солопова сөз сөйледі.


Одан кейін облыстық ассамблеяның белсенділерін ҚХА төрағасының Алғыс хаттарымен және журналисттер арасындағы облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын облыс әкімінің дипломымен марапаттау рәсімі өтті.

Сессияға қатысушылар облыс тұрғындарына үндеу қабылдады. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.


Бөлісу: