Көкшетауда Батыр-қала Ленинградқа арнап фотокөрме ұйымдастырылды

29 Қаңтар 2020, 18:17 3392

Көкшетауда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында Ленинград қоршауының толық азат етілуіне арналған фотокөрме өткізілді.


Ленинградтық фотограф Сергей Ларенковтың экспозициясына 20 фотокалаж кірді, олардың ішінде: қоршаудағы Ленинград фотосуреттерімен қоса жасанды біріктірілген қазіргі Санкт-Петербургтің суреттері бар.


Оның «Блокадалық альбом» жобасы - жас замандастардың Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтың басынан өткен сынақтарды түсіну және сезінуге деген ұмтылысы.


Автордың жаңашылдық жұмыстары Ленинградта немесе Санкт-Петербургте болған барлық жандар үшін белгілі және танымал қала орындарымен, қоршаудағы Ленинград туралы ауыр естеліктерді байланыстырады.


Көрме Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы, Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Оның ашылуына Көкшетау қаласының жұртшылығы, оқушы және студент жастар қатысты.


Облыс әкімінің орынбасары А. Мысырәлімова өзінің құттықтау сөзінде «қазақстандық жауынгерлер қатысқан Ленинград қаласын азат ету оқиығасы - Қазақстан тарихында орны бөлек естелік күн екенін атап өтіп, жанкештілігімен жауды тоқтатып, осылайша Еуразия құрлығындағы мәдени орталықтардың бірін сақтап қалған батырларға тағзым етеміз» деген ойын жеткізді.


«Ақмола облысының орыс қауымы» ҚБ төрағасы А. Артеменко өз сөзінде көрме Жеңістің 75 жылдығына орай көшпелі болатынын және онымен Көкшетау қаласының мектеп және колледж оқушылары толық таныса алатынын атап өтті.

Шараға қатысушылар бір минут үнсіздікпен қоршаудағы Ленинградта қаза болғандарды еске алды. Кеш барысында қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі оқылып, «Русская песня» халық ансамблінің орындауында соғыс туралы әндер шырқалды.




Бөлісу: