Көкшетау мәдениет колледжінде «Балқадиша» қыздар клубы ашылды

28 Қаңтар 2019, 10:11 2821

Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде ашылған «Балқадиша» клубы Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола (ҚХАА) облыстық филиалы жанындағы Аналар кеңесінің жанындағы құрылған сегізінші қыздар клубы саналады.  

Бір айта кетерлік жағдай, жаңа клубтың жұмысы Астана қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу күнімен тұспа тұс келді.

Дәстүрлі лента қию рәсімін ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова мен қыздар клубының төрайымы Айтжан Настайқызы өткізді.

Зере Қиықова жетекшілік ететін ҚХАА-ның жанындағы Аналар кеңесінің қызметі туралы облыстан тыс жерлерде де белгілі. Кеңес төрайымы болашақ аналарды, отбасы ошағының сақтаушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету, әрі отбасы құндылықтарын насихаттау мен дамыту арқылы болашақ отбасылық ынтымаққа, ата-аналық табысқа қол жеткізуге болатындығына сенімді. Сондықтан, қыздарды дене тәрбиесі және рухани-адамгершілік тұрғыдан дамытуға, оларды түрлі шығармашылық қызметке араластыру, қабілеттерін жетілдіруге негізделген қыздар клубтарын ашу –Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің ең бірінші міндеті.

Көрермен қауымның ұзақ та зор қошеметіне ие болған колледждің талантты түлегі Семетай Ақылдастың орындауындағы атақты Ақан серінің «Балқадиша» әні іс-шараға қатысушылардың ерекше қошаметіне бөленді.   

Фархатбек Қанафин жетекшілік ететін «Театралды ұжым режиссері» мамандығындағы колледж студенттері Ақан сері мен Балқадишаның кездескен сәтінен шағын көрініс орындады.

Ал көрнекті ұлттық киімдердегі «Балқадиша» қыздар клубының қатысушыларының сахна төріне шығуы – кештің ерекше сәнін келтірді.

Абзал Жұмабек пен Бағызор Ерболқызының арасында өткен айтыс та тартысты өтті.  

Іс-шараның барлық қатысушылары білім беру мекемесінің басшысы Құралай Ыдырысова басқаратын Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің талантты және шығармашыл студенттерінің жетістіктері жарияланған облыстық «Жер шоқтығы» әдеби-қоғамдық журналының кезекті данасын сыйға алды.

Бөлісу: