«Baqytty Bala» байқауы биыл төртінші рет ұйымдастырылды. Оған әлемнің бірнеше елінен 21 жас әнші іріктелді.
III орын және 250 мың теңге жүлде иегерлері:
1. Аяулым Сабыр, Ақтөбе,
2. Юлия Макс, Алматы,
3. Елен Бадалян, Армения,
4. Ялки Сака, Түркия.
II орын және 500 мың теңге жүлдеге иегерлері:
1. Милан Пак, Өзбекстан,
2. Мелани Гарсье, Испания. Ульяна Зарваға бұйырды.
Ал І орын мен 700 мың теңге жүлде Ақтөбе (Қазақстан) вокалисті Жанерке Әбдірахманова мен Барнауылдан (Ресей) келген Ульяна Зарваға бұйырды.
Сондай-ақ концертте балалар Евровидениесіне жолдама алған жас өнерпаздың есімі белгілі болды. Конкурсқа Қазақстанның атынан алматылық жас вокалист Давид Чарлин барады. «Хабар» агенттігі «Junior Eurovision 2022» ән байқауын көрсету құқығына ие ұлттық телехабар таратушы ретінде енді Давид Чарлинді жан-жақты дайындап, арнайы ән жазғызып, желтоқсан айында Ереванда өтетін конкурсқа аттандырады.
Айта кетейік, «Baqytty Bala» қатысушылары, сондай-ақ дәстүр бойынша арнайы сыйлықтарға ие болды. «Көрермен көзайымы» жүлдесін шымкенттік вокалист Сағын Өмірбайұлы алды. Мәдениет қайраткері Қанат Айтбаевтың «Дәстүрге адалдық» арнайы жүлдесі мен 200 мың теңгені Қаскелеңнен келген Шерхан Арыстан иеленді. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаеваның «Өнер қарлығашы» сыйлығымен шымкенттік Еңлік Байзақ марапатталды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рүхия Байдүкенованың 100 мың теңгелік арнайы «Үміт» жүлдесі Данияр Дүйсенбековке бұйырды. «Хабар» агенттігінің музыкалық продюсері Жан Мұқанов «Артистік шеберлік» арнайы жүлдесі мен 200 000 теңге сыйақыны польшалық вокалист Юлианна Китоваға берді.
Дәстүр бойынша Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйерлері де арнайы сыйлық дайындаған. Нұр-Сұлтан қаласының қатысушысы Ақжарқын Айдосова Dears атынан 170 мың теңге алды.