10 қыркүйекте Йемен астанасы Сана мен Джауф провинциясына жасалған Израиль әуе шабуылдарының салдарынан қаза тапқандардың саны 46 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анадолының жазуынша, бұл туралы хуситтер бақылайтын SABA ресми агенттігі хабарлады. Мәліметке сәйкес, құрбандардың арасында бес бала мен 11 әйел бар. Сондай-ақ 165 адам жараланған, олардың ішінде 31 бала мен 29 әйел бар көрінеді.
Бұған дейін Сана мен Джауф провинциясындағы әуе соққыларынан 35 адамның қаза тауып, 131 адамның жараланғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Тергеу және гуманитарлық ахуалды бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.