26.10.2024
23:52
1015
Израильдің соққысынан Иранда екі адам қаза тапты

Израильдің соққысынан Иранда екі адам қаза тапты

Израильдің соққыларынан Иранда 2 әскери қаза тапты. Бұл туралы Ислам Республикасының армиясы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Олардың қайда және қалай көз жұмғаны белгісіз. Жергілікті БАҚ өкілдері таратып жатқан ақпарат бойынша Израиль армиясының атқылауынан әскери инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келмеген.

Ел билігі әуе қорғанысының жұмысын жоғары бағалап, оны сәтті деп атады. Өз кезегінде Израиль шенеуніктері Иранның бір де бір зымыранды ұстай алмағанын хабарлауда.