Израилдік компания өкілдерімен биопарктер салу бойынша кездесу өтті

13 Желтоқсан 2022, 11:25 977

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Израиль мемлекетінің медициналық ұйымдарының өкілдерімен Қазақстан Республикасында биопарктер салу туралы Biopharmax және RadiumKZ компаниялары мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмек саясатының ерекшеліктеріне, биопарктегі жергілікті өндірістің басымдықтарына, заманауи IT-технологияларды пайдалануға, онкологиялық саладағы пилоттық жобаны іске асыруға, сондай-ақ ҚР ДСМ мен «RadiumKZ» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Тараптар ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында ODMachine пилоттық жобасын іске асырудың мүмкіндіктері мен егжей-тегжейін талқылады.

«Біз денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-израиль ынтымақтастығына ерекше мән береміз.  Менің ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 72-ші сессиясына қатысуым шеңберінде ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Израиль мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлігі арасында Денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният.

Министр  Денсаулық сақтау министрлігі Израильмен медициналық білім беру саласындағы, атап айтқанда ғылым саласындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау саласындағы ынтымақтастықты, медициналық жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдардың арасында әріптестік орнатуды қарқынды дамытып жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында Министр денсаулық сақтау саласындағы Израиль мемлекетімен әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: