2 қыркүйекте таңертең Израильдің Тель-Авив қаласында басталған Эритреядан келген босқындардың қатысуымен болған тәртіпсіздік кезінде 100-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы The Times of Israel сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, Африка елінің елшілігі ұйымдастырған іс-шара өтетін жерде тәртіпсіздіктер басталған. Келушілер арасында Израиль билігіне қарсы адамдар болған, олар наразылық ретінде залды қиратып, жақын маңдағы дүкендердің терезелерін сындырған. Сондай-ақ белсенділер жақын маңдағы көліктерге зиян келтірді.