13.08.2025
09:23
562
Израиль Иранға қарсы жаңа соғыс бастауы мүмкін

Израиль Иранға қарсы жаңа соғыс бастауы мүмкін

Израиль билігі тамыз айының соңында Иранға қарсы жаңа соғыс қимылдарын бастау мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы «Еркін Иран» Telegram-арнасы мәлімдеді.

Мәліметке сәйкес, Иран Ислам Республикасы ықтимал жаңа шабуылды күтіп, әскери дайындықты күшейткен. Сарапшылар алдағы қақтығыс алдыңғыларға қарағанда әлдеқайда қанды әрі ауқымды болуы мүмкін деп болжайды.

Ақпарат көздерінің айтуынша, Тель-Авивтің басты мақсаты — Иранның зымыран арсеналын нығайтуына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін қалпына келтіруіне және заманауи әскери технологияларды орналастыруына жол бермеу. Бұл шаралар Тегеран уран байыту жұмысын жалғастыра ма, жоқ па — оған қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін.

Израильдің негізгі стратегиясы — Иранның әскери басымдыққа жету жоспарын бұзу үшін қысқа мерзімде шешуші және жойқын соққы беру.