18.03.2025
09:05
663
Израиль Газа секторына соққыларды қайта бастады

Израиль Газа секторына соққыларды қайта бастады

Газа секторындағы тыныштық екі айға созылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Израиль әскері Газа секторындағы Хамас нысандарына әуе шабуылдарын жасады.

Times of Israel мәліметінше, шабуылды бастау туралы бұйрықты премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кац берген.

Себебі Хамас израильдік тұтқындарды босату туралы барлық ұсыныстан бас тартқан. АҚШ пен халықаралық делдалдар қатысқан келіссөздер нәтиже бермеді.