Израиль әуеден шабуылдады: ондаған адам қайтыс болды

1 Қараша 2023, 09:25 1138

Израиль Газадағы босқындар лагеріне әуеден соққы жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салдарынан ондаған адам қайтыс болған.

Джабалия — Газа секторындағы босқындарға арналған ірі сегіз лагерьдің бірі. БҰҰ мәліметінше, онда 116 мың адам тіркелген.

31 қазандағы шабуылдан 400ге жуық адам зардап шеккен, олардың басым бөлігі балалар. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілгенімен, үйінділео астында қалғандар да көп. Одан қалды дәрігғрлер препарат жетіспеушілігінен балаларға операцияны анестезиясыз жасауға мәжбүр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: