28.09.2025
19:27
482
Иван Пономарёв ITF J30 турнирінің чемпионы атанды

Иван Пономарёв ITF J30 турнирінің чемпионы атанды

Латвияның Айзкраукле қаласында өткен ITF J30 сериясындағы жасөспірімдер турнирінде қазақстандық теннисші Иван Пономарёв үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Жұптық сында отандасымыз литвалық Марк Гриазутин Тверскиймен бірге чемпион атанды. Финалда олар жергілікті дуэт — Александровас/Бандзевисиусты 1:6, 6:4, 10:5 есебімен жеңді.

Теннис федерациясының ақпаратынша, бұл Иван Пономарёвтың ITF Juniors турындағы жұптық сындағы екінші титулы. Жас спортшының тұрақты өсуі оның кәсіби теннисте үлкен мүмкіндіктерге ие екенін дәлелдейді.