Софияда (Болгария) өткен ITF Juniors J30 жарысында 16 жастағы Иван Пономарев швейцариялық Чарли Базилмен бірге жұптық сында чемпион атанды. Финалда олар 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл атақ Иван Пономарев үшін ITF жасөспірімдер турнирлеріндегі дебюттік жетістік болды. Биылғы маусымда ол тұрақты түрде жоғары деңгейдегі ойынын көрсетіп жүр – Болгариядағы жеңіске дейін Иван Марокко мен Қытайда өткен ITF Juniors турнирлерінің жұптық сайыстарында финалға шыққан болатын. Қазіргі таңда Иван Пономарев Латвияда тәжірибелі бапкер Андис Юшкинің жетекшілігімен жаттығып жүр.