2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы сапында 36 спортшы қатысады.
Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері қысқы Олимпиадаға тоғызыншы мәрте қатысады. Милан-2026 додасының маңызды ерекшеліктерінің бірі - халықаралық деңгейде гендерлік тепе-теңдіктің сақталуы. Биыл елімізден 18 ер және 18 әйел, жалпы 36 спортшы жолдама иеленіп отыр. Бұл көрсеткіш Бейжің-2022 Олимпиадасымен салыстырғанда екі спортшыға көп.
Қысқы Олимпиада тарихында Қазақстан спортшылары жүлде тұғырына небәрі 5 рет көтерілген. Сондықтан Милан-2026 ойындарында тәжірибелі спортшыларға артылар жауапкершілік зор.
Фристайл-могулдан Пхёнчхан-2018 Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева биыл Олимпиадада бесінші рет бақ сынайды. Бұған дейін мұндай көрсеткішке елімізден тек шаңғышы Елена Володина-Антонова мен фристайлшы Дмитрий Рейхерд қана қол жеткізген еді.
Сондай-ақ шорт-тректен Абзал Әжғалиев пен Денис Никиша Олимпиадаға төртінші рет қатарынан қатысады. Абзал Бейжіңде 500 метр қашықтықта жүлдеден бір қадам қалып, төртінші орын алған болатын. Ал Денис Никиша соңғы екі әлем чемпионатында күміс жүлде алып, жоғары деңгейдегі тұрақтылығын дәлелдеп келеді.
Одан бөлек, ел үмітін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров, сондай-ақ фристайл-могулдан әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Анастасия Городко да ақтайды.
2022 жылғы Олимпиадамен салыстырғанда, Қазақстан бұл жолы 10 спорт түрінен сынға түседі. Сондай-ақ отандастарымыз мәнерлеп сырғанаудан 8 жылдық үзілістен кейін қайта Олимпиада лицензиясына қол жеткізді.
Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Команда сапындағы ең жас спортшы – фристайл-акробатикадан сынға түсетін Аслан Асылхан, ол небәрі 17 жаста. Ал ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшы – шорт-тректен ел намысын қорғайтын Абзал Ажгалиев, жасы 33-те.
Құрамадағы ең тәжірибелі спортшылардың бірі – фристайл-могул шебері Юлия Галышева. Ол 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2010, 2014, 2018 және 2022 жылдардағы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Өңірлер бойынша Италиядағы қысқы Олимпиадаға ең көп спортшыны Алматы қаласы мен Ақмола облысы ұсынып отыр. Оңтүстік астанадан Миланға 4 спорт түрінен 6 спортшы аттанады. Ал Ақмоладан 2 спорт түрінен 6 спортшы барады.
Кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары жайғасқан. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан 1 спорт түрінен 4 спортшыдан қатысса, Астана қаласынан 3 спорт түрінен 4 спортшы, Алматы облысынан 4 спортшы 2 спорт түрінен өнер көрсетеді.
Сондай-ақ Павлодар облысынан 3 спортшы (3 спорт түрі), Қостанай облысынан 2 спортшы (1 спорт түрі), сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарынан бір-бірден (1 спорт түрі) спортшы өнер көрсетеді.
6 ақпан
23:50 - Ашылу салтанаты
7 ақпан
17:00 - Шаңғы жарысы. Скиатлон, әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
20:00 - Конькимен жүгіру спорты. 3000 м, әйелдер
(Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
8 ақпан
16:30 - Шаңғы жарысы. Скиатлон, ерлер
(Амирғали Муратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
17:05 - Биатлон. Аралас эстафета (құрамы кейін жарияланады)
9 ақпан
21:30 - Конькимен жүгіру спорты. 1000 м, әйелдер
(Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
23:00 - Шаңғымен трамплиннен секіру. Кіші трамплин, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
10 ақпан
13:15 - Шаңғы жарысы. Спринт, ерлер және әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Амирғали Муратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
14:30 - Шорт-трек. 500 м, әйелдер (іріктеу), аралас эстафета
(Денис Никиша, Абзал Ажғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова)
15:15 - Фристайл (могул). Ерлер, іріктеу
(Павел Колмаков)
17:30 - Биатлон. 20 км, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
18:15 - Фристайл (могул). Әйелдер, іріктеу
(Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова)
22:30 - Мәнерлеп сырғанау. Ерлер, қысқа бағдарлама (іріктеу)
(Михаил Шайдоров)
11 ақпан
14:00 - Шаңғы қоссайысы. Кіші трамплин және қуу жарысы
(Чингиз Рақпаров)
18:15 - Фристайл (могул). Әйелдер (жекелей могул)
(Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова)
18:15 - Биатлон. 15 км, әйелдер (құрамы кейін жарияланады)
12 ақпан
16:15 - Фристайл (могул). Ерлер (жекелей могул)
(Павел Колмаков)
17:00 - Шаңғы жарысы. 10 км, әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
20:30 - Конькимен жүгіру спорты. 5000 м, әйелдер
(Надежда Морозова)
13 ақпан
00:15 - Шорт-трек. 500 м, әйелдер; 1000 м, ерлер
(Абзал Ажғалиев, Яна Хан, Ольга Тихонова)
15:45 - Шаңғы жарысы. 10 км, ерлер
(Амирғали Муратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
18:00 - Биатлон. 10 км, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
23:00 - Мәнерлеп сырғанау. Ерлер, еркін бағдарлама
(Михаил Шайдоров)
14 ақпан
14:00 - Тау шаңғысы. Алып слалом, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
14:30 - Фристайл (могул). Әйелдер (параллель могул)
(Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Амренова)
16:00 - Шаңғы жарысы. Командалық эстафета, әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)
18:45 - Биатлон. 7,5 км, әйелдер (құрамы кейін жарияланады)
20:00 - Конькимен жүгіру спорты. Командалық жарыс, әйелдер (іріктеу)
(Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева, Елизавета Голубева)
21:00 - Конькимен жүгіру спорты. 500 м, ерлер
(Евгений Кошкин)
22:45 - Шаңғымен трамплиннен секіру. Үлкен трамплин, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
15 ақпан
00:15 - Шорт-трек. 1000 м, әйелдер (іріктеу)
(Ольга Тихонова)
14:00 - Тау шаңғысы. Алып слалом, әйелдер (құрамы кейін жарияланады)
14:30 - Фристайл (могул). Ерлер (параллель могул)
(Павел Колмаков)
15:15 - Биатлон. Қуу жарысы 12,5 км, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
18:45 - Биатлон. Қуу жарысы 10 км, әйелдер (құрамы кейін жарияланады)
21:03 - Конькимен жүгіру спорты. 500 м, әйелдер
(Кристина Силаева)
16 ақпан
14:00 - Тау шаңғысы. Слалом, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
15:18 - Шорт-трек. 500 м, ерлер (іріктеу); 1000 м, әйелдер
(Денис Никиша, Абзал Ажғалиев, Ольга Тихонова)
17 ақпан
14:00 - Шаңғы қоссайысы. Үлкен трамплин және қуу жарысы
(Чингиз Рақпаров)
14:45 - Фристайл-акробатика. Ерлер және әйелдер (іріктеу)
(Аяна Жолдас, Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Раимқұлов, Роман Иванов)
18:52 - Конькимен жүгіру спорты. Командалық жарыс, әйелдер
(Надежда Морозова, Арина Ильященко, Кристина Силаева, Елизавета Голубева)
22:45 - Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер, қысқа бағдарлама (іріктеу)
(Софья Самоделкина)
18 ақпан
13:45 - Шаңғы жарысы. Командалық спринт, ерлер және әйелдер
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Амирғали Муратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
14:00 - Тау шаңғысы. Слалом, әйелдер (құрамы кейін жарияланады)
15:30 - Фристайл-акробатика. Әйелдер
(Аяна Жолдас)
19 ақпан
00:15 - Шорт-трек. 500 м, ерлер
(Денис Никиша, Абзал Ажғалиев)
15:30 - Фристайл-акробатика. Ерлер
(Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Раимқұлов, Роман Иванов)
23:00 - Мәнерлеп сырғанау. Әйелдер, еркін бағдарлама
(Софья Самоделкина)
20 ақпан
18:15 - Биатлон. 15 км, масс-старт, ерлер (құрамы кейін жарияланады)
20:30 - Конькимен жүгіру спорты. 1500 м, әйелдер
(Надежда Морозова, Елизавета Голубева)
21 ақпан
00:15 - Шорт-трек. 1500 м, әйелдер
(Яна Хан, Ольга Тихонова)
15:00 - Шаңғы жарысы. 50 км, ерлер (масс-старт)
(Амирғали Муратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков)
18:15 - Биатлон. 12,5 км, масс-старт, әйелдер (құрамы кейін жарияланады)
19:50 - Конькимен жүгіру спорты. Масс-старт, әйелдер
(Елизавета Голубева)
22 ақпан
14:00 - Шаңғы жарысы. 30 км, әйелдер (масс-старт)
(Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко)