20.10.2025
23:17
354
Италияда жанкүйерлердің шабуылынан автобус жүргізушісі қаза тапты

Италияда жанкүйерлердің шабуылынан автобус жүргізушісі қаза тапты

Италияда баскетбол жанкүйерлерінің қақтығысы адам өлімімен аяқталды. Sky News таратқан мәліметке сүйенсек, «Пистоя» командасының жанкүйерлерін тасымалдаған автобустың 65 жастағы жүргізушісі қарсы тараптың шабуылынан көз жұмған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қайғылы оқиға «Пистояның» сырт алаңда «Риетиді» 88:73 есебімен жеңгеннен кейін болған. Команда қалаға қайтып келе жатқан сәтте қарсы клубтың жанкүйерлері автобусты тас және кірпішпен атқылаған.

Тастардың бірі әйнекті жарып өтіп, екінші жүргізушіге тиген. Ер адам ауыр жарақат алып, қайтыс болған.

Қаза болған жүргізуші соңғы бірнеше ай бойы «Пистоя» жанкүйерлерін тасымалдаумен айналысқан көлік компаниясында жұмыс істеген.

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони бұл оқиғаны «қорқақ әрі қылмыстық әрекет» деп атап, кінәлілердің міндетті түрде жазаланатынын айтты.

Айта кетейік, «Пистоя» А2 сериясының турнир кестесінде бесінші орында, ал «Риети» алтыншы орында тұр.