Италияда басталған лицензиялық турнирде Римма Волосенко жеңіске жетті

4 Наурыз, 01:38 762

Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан басталған әлемдік лицензиялық турнирде Римма Волосенко жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келіде шаршы алаңға шыққан Римма Волосенко бірінші айналымды сәтті өткізді. Ол Тринидад және Тобаго елінің өкілі Тианна Гуимен кездесіп, отандасымыз төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Сәкен Бибосынов әлемдік лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Гонконг елінің өкілі Каннет Хин Чун Тамды мерзімінен бұрын жеңді. Жекпе-жек барысында жерлесіміз қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Енді Сәкен келесі кезеңде кениялық Каранджа Давид Мачариамен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, турнир 11 наурызға дейін жалғасады. Қазақстан боксшыларының еншісінде бүгінде Париж Олимпиадасының екі лицензиясы бар. Оларды ерлерден аса ауыр салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасында 57 келіде Карина Ибрагимова жеңіп алған.

Перизат Саденова
Бөлісу: