Италияда 27 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты

19 Қаңтар 2023, 12:46 1676

Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады

Италияда жол-көлік апатында 27 жастағы қазақстандық Әсем Жарбосын қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Салерно қаласында оны көлік қағып кетті. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады. Ведомство марқұмның туыстарымен байланыста екенін атап өтті.

Италиялық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Әсем Жарбосын Салерно университетінде докторантурада оқиды. 17 қаңтарда 20 жастағы PEUGEOT жүргізушісі Джузеппе Верди опера театрының жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кеткен. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, апатқа кінәлі тоқтап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Алайда, қызды құтқару мүмкін болмады.

EL.KZ
Бөлісу: