21.05.2023
09:46
1432
Италия премьері жұмыс сапарымен Қазақстанға келмейтін болды

Италия премьері жұмыс сапарымен Қазақстанға келмейтін болды

Италия Үкіметі басшысы Астанаға жоспарланған жұмыс сапарымен келмейтін болды, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары-Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл туралы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды», - деп жазды Руслан Желдібай. 

Ондағы дерекке қарағанда, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған көрінеді.