IT-таланттарды дамыту қажет - министр

1 Қыркүйек 2022, 01:57 1814

Үкіметтің алдына 2025 жылға дейін кемінде 100 мың білікті IT-кадр дайындау міндеті қойылған.

Бүгін Қазақстан мамандарын даярлау үшін жеке меншік IT-мектептерден 3 мың ваучер алу үшін өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі іске қосқан Tech Orda ІТ-мамандықтарын оқытуды қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде мүмкін болады.

Tech Orda бағдарламасы Үкіметтің алдына 2025 жылға дейін кемінде 100 мың білікті IT-кадр дайындау міндеті қойылған ҚР Президентінің 2021 жылғы Жолдауын орындау шеңберінде іске асырылуда.  

Tech Orda бағдарламасы алғашқы легінің қорытындысы бойынша 2021 жылы 13 жеке IT-мектеп қаржыландырылып, 100 студентті оқудан өтті. Әр студентке қаржыландыру сомасы 600 мың теңгені құрады.

Биыл IT-мамандықтарды оқыту үшін осындай соманы 3 мың қазақстандық ала алады. 2025 жылға дейін Tech Orda бағдарламасы бойынша IT-мектептерде 20 мың студентті оқыту жоспарлануда.

Tech Orda бағдарламасының арқасында қазақстандықтардың жеке бағдарламалау мектептерінде сапалы тегін IT-білім алуға бірегей мүмкіндігі бар. Бізге IT-таланттарды дамытып, қазақстандық инновациялар секторын күшейту қажет. Елімізге креативті, ынталы мамандар қажет. Бағдарламаны іске асыру болашақта сапалы жобалар түрінде мультипликативті әсер етеді, - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Бағдарламаға қатысу үшін IT-мектептер:

  1. АКТ саласындағы басым қызмет түрлері тізбесінің 17-тармағына сәйкес Astana Hub қатысушысы болу. Мәртебе IT-мектепке салықтан босатуды және басқа да бірқатар артықшылықтарды ұсынады.
  2. Мектептер мен курстарды аккредиттеу процесін тәуелсіз комиссия арқылы өту, бұл ретте курстың ұзақтығы 6 айдан астам, ҚР 18-45 жас аралығындағы азаматтарын оқыту негізгі өлшемшарттар болып табылады.
  3. Аккредиттеу қорытындысы бойынша IT мамандықтары бойынша оқуға ниет білдірген студенттерді өз бетінше қабылдау жүзеге асырылады.

Tech Orda бағдарламасына қатысу бойынша қосымша ақпаратпен технопарктің ресми сайтында танысуға болады.

EL.KZ
Бөлісу: