13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматы облысында 10 жасар баланы үш ит талап тастады. Оқушыға тұрғындардың бірі араша түсіп, иттерді атқан. Желіде "қабаған иттің шабуылын тоқтатқан тұрғын жауапқа тартылады" деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полиция аталған ақарат шындыққа жанаспайтынын алға тартты. Аталған азаматқа қатысты процессуалдық шешімдер қабылданбаған.
Қылмыстық кодекстің 32-бабына сәйкес («Қажетті қорғаныс») оның әрекеті өзін-өзі қорғау мақсатындағы заңды әрекетке жатады. Заңға сәйкес өмірге, денсаулыққа немесе мүлікке нақты қауіп төндіретін шабуылды тойтару кезінде қажетті қорғаныс жағдайында зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. Сондықтан кәмелетке толмаған баланы қабаған иттердің шабуылынан құтқарған азаматтың әрекеті қолданыстағы заңнама нормаларын бұзбайды және құқықтық зардаптарға әкеп соқпайды,-делінген облыстық ПД мәліметінде.
Бұл ретте сотқа дейінгі тергеу аясында иттің иесінің әрекеті жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға беріледі. Қандай да бір заң бұзушылық белгілері анықталса, ол заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Біз бұған дейін 10 жасар баланы ит талап тастағанын және бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жаздық.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды