IT саласындағы қызметкерлер сертификациядан өтуі тиіс

2 Қараша 2022, 21:05 1164

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы қаржы компанияларынан IT саласындағы қызметкерлердің кемінде 5 пайызын сертификаттауды талап етеді, деп хабарлайды El.kz

«Өзгерістер ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері персоналының кемінде 5%-ын міндетті бейіндік сертификаттауды қамтамасыз ету бөлігінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелері басшылары мен қызметкерлерінің құзыреттеріне қойылатын талаптарды күшейтуді көздейді», деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігі. 

Ақпаратқа сәйкес, сертификаттау ISO/IEC 17024:2012 Халықаралық стандартына немесе ISO/IEC 17024-2014 Мемлекетаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылуы керек. Бұл стандарттарды персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын ұйымдар - сертификаттау процестерінің тәуелсіздігін, ашықтығы мен сенімділігін растау үшін кеңінен қолданады.

Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-порталында танысуға болады.

EL.KZ
Бөлісу: