IT-Aiel бағдарламасына қатысуға 2307 әйел өтініш білдірген

21 Шілде 2023, 12:36 1146

Еңбекке жарамды, жоғары білімі бар әйелдердің 41,4 пайызы жұмыс істемейді. Бұл туралы Astana Hub басқарушы директоры Алина Әбдірахманова баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір Astana Hub бағдарламасында 1212 IT компания тіркелген. Оларға ақпараттық оқу, материалдық инфрақұрылым, бизнесті дамыту бағдарламалары, арнайы салықтық және визалық тәртіптер тұрғысынан қолдау көрсетіледі. Бүгінде біздің бағдарламамыздан 7 мыңнан астам адам өтті. Astana Hub қатысушылары IT саласында 20 мыңнан астам жұмыс орнын құрды, - деді директор.

Сонымен қатар Алина Әбдірахманова еңбекке жарамды әйелдердің бірқатарының жоғары білімді екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде еңбекке жарамды жастағы 967 мың әйел болса, оның 34 пайызы жұмыс істемейді. Еңбекке жарамды әйелдердің 41,4 пайызы жоғары білімді, - деп атап өтті ол.

IT-Aiel бағдарламасы үйден онлайн жұмыс істегісі келетін әйелдерге өте қолайлы. Бүгінде IT-Aiel бағдарламасына жұмыссыз әйелдерден 2307 өтініш келіп түскен. Іріктелген қатысушылар жұмысқа онлайн форматта 1 тамыздан бастап кірісе алады.

IT-Aiel жобасының бағдарламасына No Code School, «Freelance School» курстары енгізілген. Қатысушылар бағдарламалау дағдыларынсыз IT-өнімдер жасауды, стартап-жобалар әзірлеудің негізгі қағидаттарын, оларды дұрыс тестілеуді, сонымен қатар цифрлық алаңдарда, оның ішінде халықаралық нарықта фрилансер болып жұмыс істеуді үйренеді.

Бағдарлама тыңдаушылары лендингтер, сайттар, мобильді қосымшалар, чат-боттар мен маркетплейстер жасау бойынша өзекті no code құралдарын зерделеу материалдарынан тұратын онлайн-сабақтарға қатысады. Фрилансерлікті үйрену әйелдерге жергілікті және шетел валютасында ақша табуға, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл жалақы мен жұмысқа орналасу жағынан гендерлік алшақтықты азайтады, - дейді Astana Hub басқарушы директоры.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: