7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Испаниялық компания Қазақстанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ұлттық жобаға қатысуға дайын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдік нарықта су тазарту және сумен жабдықтау технологиялары саласындағы ірі ойыншы – Aqualia компаниясы Қазақстанда кәріздік тазарту кешенінің құрылысы мен жаңғырту жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев делегациямен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Aqualia компаниясының Орталық Азия бойынша бас директоры Хосе Мигель Сантос Гонсалес кәсіпорынның Еуропа, Латын Америкасы, Солтүстік Африка және Батыс Азияның 18 елінде жобаларды жүзеге асыру арқылы үлкен халықаралық тәжірибеге ие екенін атап өтті және Қазақстанның су инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуға дайын екенін жеткізді.
Компанияның қарқынды дамып жатқан қалалар мен агломерацияларда инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?