Испанияның Ұлттық полициясы Аликанте провинциясында Венгрия билігі 15 тармақ бойынша айып таққан қылмыскерді ұстады. Оған алаяқтық және құжаттарды қолдан жасау баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полицияның мәлімдеуінше, күдіктіге 22 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Ол Еуропалық полиция агенттігі (Europol) жасаған ең қауіпті қылмыскерлер тізіміне енген.
Тергеу деректеріне сүйенсек, 2019 жылы ол қымбат материалдар мен тауарларды тасымалдаумен айналысатын логистикалық компания құрған. Бірақ күдікті бұл заттарды заңсыз иемденіп, кейінірек сату арқылы пайда тапқан. Полицияның бағалауынша, келтірілген экономикалық шығын 1,2 миллион еуроны құрайды.