Испанияда белгісіз біреу 60 мың литр шарапты төгіп тастады

21 Ақпан, 15:52 1006

Испанияда зауытта 60 мың литр шарапты төгіп тастаған адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаскөй Рибера-дель-Дуэро қаласындағы Сера 21 компаниясына тиесілі шарап зауытына ұрланып кіріп, шарап контейнерлерінің крандарын ашып кеткен.

Компания иесінің сөзіне қарағанда, видеоға түсіп қалған адам ненің қай жерде орналасқанын және оларды қалай қолдану керектігін жақсы білген. Салдарынан 60 мың литр шарап жерге төгілді. Ал келтірілген шығын көлемі 2 миллион еуроны құрайды.

Қазір Испанияның Азаматтық ұланы қаскөйді іздеуге кіріскен.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: