Испания Еуро-2024 финалына шықты

10 Шілде, 06:18 695

Испания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы финалисі атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Испания 10 шілдеге қараған күні Мюнхендегі 66 мың көрерменнің алдында Францияны 2:1 есебімен жеңді.

Матчта есепті бірінші болып 8-минутта француз Рандаль Коло Муани ашқан. Алайда 21-минутта турнирдің ең жас ойыншысы испаниялық Ламин Ямаль таразы басын теңестірді. Жеңіс голын 25-минутта Дани Ольмо соқты.

Испанияның финалдағы қарсыласы бүгін анықталады: Нидерланд пен Англия құрамалары жартылай финалда өзара кім мықтыны анықтайды.

Испания осымен тарихта бесінші рет Еуропа чемпионатының финалына шықты.

Еуро-2024 финалы 14 шілде күні Берлиндегі Олимпиадалық стадионда өтеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: